Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Элиталық жезөкшелері бар орын «Сауықтыру массаж орталығы» деген атпен жұмыс жасады

Алматылық полицейлер қалада жедел іс-шаралар жүргізу барысында жезөкшелер бар орынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Жезөкшелер үйі қаланың Медеу ауданындағы зәулім үйде орналасқан. Оның жұмысшылары, белгілі болғандай, тұрақты, сенімді клиенттерге ғана қызмет көрсеткен. Жалпы, бұл бизнесті алға жылжытатын негізгі алаңдар – хабарландырулар, танысу сайттары және танымал мессенджерлер. Мысалы, бұл жеңіл жүрісті әйелдер өз істерін сауықтыру массажымен жамылды. Жалпы, кеше түнде 23 жеңіл жүрісті әйел ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді, олардың үшеуі Өзбекстаннан келді, қалғандары – біздің отандастарымыз, негізінен Түркістан және Жамбыл облыстарының тұрғындары. Әкелінген әйелдердің жеке басы заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғына тексерілді, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Полиция сонымен қатар жезөкшелікпен айналысуға үй-жай берген ғимарат иесі, сондай-ақ, жезөкшелер үйін ұйымдастырушы да жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру