Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Зейнеткер қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа орналастырылды

Атырауда учаскелік полиция инспекторлары жалғызбасты зейнеткерді Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа орналастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласының №12 учаскелік полиция пунктіне Ерниязов көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғынына қатысты көршілерінен шағым түскен.

Жалғызбасты азаматшаның пәтеріне тұрғылықты мекенжайлары жоқ адамдар жиналып, арты шуға ұласатынына шағымданған көршілердің арызы бойынша учаскелік инспекторлар жалғызбасты зейнеткердің үйіне келіп, тұрмысымен танысқан.

– Ақысы төленбегендіктен пәтерде газ, электр энергиясы, су өшірілген. Аталған азаматшаның тұрмыс-тіршілігімен таныса келе 59 жастағы зейнеткерді Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталыққа орналастыру туралы шешім қабылданды – дейді учаскелік инспектор Муса Мадагаев.

Учаскелік инспекторлар орталыққа орналастыру үшін тиісті медициналық анықтамалар алу мақсатында зейнеткерді емханаға апарып, дәрігерлерге қаратып, түрлі талдаулар тапсыртып, басқа да құжаттарын жинақтауға көмектесті.

Өзінің қалыпты жағдайда өмір сүруіне мүмкіндік жасап, көмектескен тәртіп сақшыларына риза болған азаматша шын жүректен алғыс айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру