Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының 50 жастағы тұрғыны заңсыз есірткі затын тасымалдағаны үшін ұсталды

Жамбылдық полицейлер есірткі затын заңсыз иемденіп, сақтап және тасымалдаумен айналысқан Түркістан облысының 50 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

Тергеу барысында күдікті Шу ауданының аумағында кендір қурайлардың көп өсетіндігін біліп, оны аса ірі көлемде жинап, жасырып, өзімен бірге алып кетуді жоспарлағанын мойындаған. Ол қылмысын аяғына дейін жеткізу мақсатында танысының автокөлігін жалдап, жинаған есірткі затын тұрғылықты мекенжайына тасымалдап бара жатқан жолда Т.Рысқұлов АПБ және ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Т.Рысқұлов ауданының бөлімшесі қызметкерлерімен ұсталды.

Қазіргі таңда барлық тергеу амалдары аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру