Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

11 баласы бар жалғызбасты анаға шымкенттік полицейлер көмек көрсетті

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері көпбалалы және жалғыз басты аналарға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізді. Үнемі қамқорлыққа мұқтаж отбасыларға көңіл бөліп, қайырымдылық көмек көрсетіп жүрген полицейлерге көпбалалы аналар алғыстарын жеткізді. 

– Жақсылық еткен, алғыс алады. Осындай сын сағаттарда игі іске атсалысып жатқан баршаңызға рахметімізді айтамыз. Көпбалалы әрі жалғыз басты аналарға көмек қажет. Үнемі осындай мерекелер қарсаңында полицейлер азық-түлік, баларымызға киім-кешек алып береді. Карантин кезіндегі осындай сауапты істеріңізге алғыс айтамыз, – дейді аналар.

Шымкент қаласы Полиция департаментіне қарасты Еңбекші ауданы Полиция басқармасының бір топ қызметкерлері ізгілікті ту еткен іс-шараларды әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру