Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда маңында мас жүргізуші ұсталды

Елорда маңында мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұзушылық 14 тамызда “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталды.

Патрульдік полиция экипажы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін атқару кезінде Қосшы қаласында ВАЗ-21099 автокөлігін байқады, жүргізуші оң жаққа маневр жасау кезінде сыртқы жарық құралдарын қоспады, бұл ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Полиция қызметкерлері аталған көлікті тоқтатып, құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден шыққан алкогольдің өткір иісін байқады.

Медициналық куәландыруға сәйкес, Қосшы қаласының тұрғыны 42 жастағы жүргізуші жеңіл дәрежедегі мас күйінде көлік жүргізген. Сондай-ақ, ер адам бұрын жүргізуші куәлігін алмағаны және іс жүзінде құжатсыз көлікті басқарғаны белгілі болды.

Қала тұрғынына қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру