Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полицейлері өрт сөндіру түтігін қолды еткен азаматты ұстады

Елорда полицейлері өрт сөндіру түтігін қолды еткен азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы ПД Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері өрт сөндіру түтік құбырларын ұрлауға қатысы бар ер адамды анықтады. Ол Қарағандының 33 жастағы тұрғыны болып шықты.
Тергеу барысында ер адамның түнгі уақытта Мұхамеджанов көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болғандығы анықталды. Бөгде адамдардың жоқтығын пайдаланып, күдікті сөреде сақталған өрт сөндіру түтік құбырларын алып кеткен. Осылайша ол 7 түтік құбырды ұрлап кеткен. Ер адамның айтуынша, ұрланған заттарды ол базарда сатып жіберген.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға жүгінеді, егер сіз қылмыстың куәгері болсаңыз, бұл туралы полицияға “102” нөмірі немесе мобильді қосымша арқылы хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру