Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полицейлері подъезден велосипед ұрлау дерегін ашты

Велосипедіңізді әртүрлі тәсілдермен ұрлауға қарсы жоғары сапалы құлыптар, арнайы кабельдермен бекіткенмен екі дөңгелекті көліктерді ұрлау фактілері әлі жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны үйінің кіреберісінде велосипеді жоғалып кеткенін айтып, полицияға жүгінген.
Алматы аудандық ПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 33 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында күдікті түнгі уақытта Момышұлы даңғылының бойындағы көпқабатты үйдің ауласында серуендеп келе жатып, подъездердің бірінің жанында тоқтап тұрған Тринкс велосипедін көрген. Ол бірден ойланбастан оның үстіне отырып, үйіне апарып, подъезге қояған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындады, заттай айғақтар тәркіленіп, оның бұрын елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды қырағы болып, қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді:

Велосипед жақтауларын белгілеңіз, велосипедтерді подъездерде, дүкендердің жанында және қалалық саябақтарда қараусыз қалдырмаңыз.

Күдікті адамдарды байқасаңыз, полицияға немесе «102» мобильді қосымшасы арқылы хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру