Елорда полицейлері ұрлыққа қатысы бар екі досты анықтады
Елорда полицейлері ұрлыққа қатысы бар екі досты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға жеке мүлікті ұрлау фактісі туралы Жиенқұлов көшесіндегі сауда үйлерінің иелерінің бірі хабарлады. Белгісіз адамдар үй-жайға артқы қосалқы есікті бұзып кірген.
Белгілі болғаны, бір-біріне тек таныс болып қана қоймай, сыныптастар болып шыққан Ақмола облысының екі тумасы, түнгі сағат 02:50 шамасында сауда объектісінің аумағында пайда іздеп жүріп, ғимаратта күзет дабылы жоқ екенін пайдаланған. Ұрылар үй-жайға жасырын кіріп, кассадан шамамен 200 мың теңге көлемінде ақша алып кеткен.
Заңсыз кіру сәті ұрлық жасалған орынның периметрі бойынша орналасқан бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Байқоңыр ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу және кету жолдарын зерделеу барысында 21 және 22 жастағы жас жігіттерді анықтады. Кінәсін мойындай отырып, олар бұл іске пайда табу үшін барғанын айтты.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта олардың қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Полиция департаменті тауарлық-материалдық құндылықтар сақталатын үй-жайларға бейнебақылау камераларын және терезелеріне металл торларды орнатуды ұсынады.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.