Елорда тұрғындары жедел көмек көрсеткен учаскелік полицейлерге алғыс айтты
Елорда тұрғындары жедел көмек көрсеткен учаскелік полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы Полиция департаментіне қала тұрғындары мен қонақтарынан өтініштерге жедел ден қойғандары үшін көптеген алғыс келіп түседі.
Мәселен, сол жағалау тұрғыны учаскелік инспектор Нұрсұлтан Сайранбаевқа алғысын білдірді. Ол үйдің ауласында тұрған автокөліктің әйнегін сындырған бұзақыны жедел анықтаған.
– Учаскелік полицей көмегінің арқасында кінәлі адам табылды. Ол келтірілген шығынды толық өтеді, атқарылған жұмыс үшін көп рақмет, – дейді астаналық азамат.
Тағы бір алғыс «Астана қалалық жарық» ЖШС қызметкерінен учаскелік инспекторы Мұса Үрістемнің атына келіп түсті. Ол екі сағат ішінде көше жарығы шамдарын ұрлағандарды анықтаған. Ұрланған шамдар қайтарылды.
Елордалық департамент сенім деңгейін арттыру және халықпен кері байланыс орнату бойынша шаралар қабылдай отырып, ашықтық пен айқындық қағидаты бойынша жұмыс істейді. Учаскелік полиция инспекторлары тұрғындардың үй чаттарына қосылу арқылы азаматтармен қашықтықтан қарым-қатынас форматын жолға қойған. Онда профилактикалық ақпарат орналастырылады және азаматтардың өтініштері қаралады.
Жүргізіліп жатқан жаңғырту шеңберінде полиция жұмысының сервистік «адамға бағытталған» моделін енгізу қамтамасыз етіліп жатыр. Полиция қызметіне азаматтарға бағдарланған тәсіл әзірленуде. «Қазақстандық полицияның сервистік моделі» жобасы енгізіле бастағаннан бері учаскелік инспекторлардың танылу деңгейі үш есеге жуық артты.