Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер белгілі бір нысандарды терроризмге қарсы қорғау бойынша семинар өткізді

Түркістан облысының полицейлері террористік тұрғыдан осал объектілердің нысандарын терроризмге қарсы қорғау бойынша семинар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау шараларын ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі талаптарды түсіндіру мақсатында Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оқыту семинарын өткізді. Оған террористтік тұрғыдан осал обьектілердің басшылары мен өзге де бейінді қызметкерлері, аудан әкімдері, білім және денсаулық сақтау өкілдері, мешіт имамдары қатысты. 

Семинар барысында Түркістан облысы ПД полицейлері объектілердің терроризмге қарсы қорғау саласындағы ҚР заңнамасының нормаларын егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі “Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы” ҚР Заңының талаптары туралы айтты. 

Семинарға қатысушылар пікір алмасып, талқыланатын тақырып бойынша өздерін қызықтыратын мамандарға сұрақтар қойды. Оларға объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру бойынша толық жауаптар мен құқықтық көмектер берді. Кездесу соңында семинарды ұйымдастырушылар қатысушыларға төтенше жағдайлар кезіндегі халықтың іс-әрекеттері туралы брошюралар мен жадынамалар таратты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру