Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кентаулық полицейлер шұңқырға түсіп кеткен бұзауды иесіне қайтарды

Кентаулық полицейлер шұңқырға түсіп кеткен бұзауды иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау полициясына жергілікті тұрғын ақсақал хабарласып, көмектесуін сұрады. Оның айтуынша, құны 200 мың теңге болатын бір бұзауы түнгі уақытта белгісіз жағдайда шығып кеткен. Жоғалған бұзауын табу үшін мал иесі полицейлерден көмек сұрады.

Аталған ақпаратты алысымен кентаулық тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Осы аймақтың тау-тасын жақсы білетін полицейлер айналаны толық шолып шығып, жоғалған ірі қара малдарды табуға бағытталған барлық қажетті жұмыстарды атқарды. Сондай-ақ үй малын таситын автокөліктерді тексерді.

Іздестіру жұмыстары тәулік бойы үзіліссіз жүргізілді. Соның нәтижесінде жоғалған бұзау шұңқыр ішінен табылып, шығарылды. Осы орайда малының аман-есен табылғанына қуанған мал егесі полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын жеткізді.

– Мен бұзауымды жоғалтып алдым. Өз бетімше іздеп таба алмадым. Содан соң полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгіндім. Олар бұзауымды шұңқырдың ішінен тауып берді. Тәртіп сақшыларына үлкен рақмет, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру