Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері мен құтқарушылары жолда қалған шетел азаматтарына көмектесті

Ақмола полицейлері мен құтқарушылары жолда қалған шетел азаматтарына көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қарашада сағат 04:00 шамасында патрульдік полиция ротасының “Бақай 8 П1” экипажының қызметкерлері Данияр Таев пен Қуаныш Мұқанов Астана-Щучинск автожолының 27 шақырымында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін атқару барысында Астана қаласы бағытында Neoplan автобусын көрді.

Автобус жолаушылары Тәжікстан Республикасының азаматтары болған. Олар Ресей Федерациясынан отанына оралып бара жатқан. Алайда, жол бойында автобус істен шығып, температураның төмендеуіне байланысты көлікте дизель қатып қалған. Полиция қызметкерлері “ҚазАвтоЖол” ҰК мамандарымен бірге көлікті жылытуға тырысты. Автобус іске қосылғанымен пеш істемеді.

Төтенше жағдайларды болдырмау үшін адамдарды эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Бұзылған автобус туралы ақпарат ТЖД қызметкерлеріне берілді. Полицейлердің, құтқарушылардың және жол ұйымы қызметкерлерінің бірлескен күшімен 33 шетелдік азамат эвакуацияланып, Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылындағы қонақ үйлердің біріне жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру