Елорда тұрғыны автокөліктен ұрлық жасаған
Елордада автокөліктен ұрлық жасады деген күдікпен елорда тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу барысында ер адам айдың басында Әнет баба көшесінің бойында тұрған HOWO жүк көлігін байқағаны анықталды. Көлік құралының ұзақ уақыт бойы сынып тұрғаны белгілі болды. Сонымен қатар ол түнгі уақытта осы ауданда болып, көлік есігінің тұтқаларын тексеріп, оның құлыпталмағанына көз жеткізген. Содан кейін ол автомобильдің салонына кіріп, жалпы құны 100 мың теңге болатын радио панелі мен домкрат ұрлап әкеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Астана қаласы ПД Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері 25 жастағы жас жігітті анықтады. Ұрланған заттарды ол өтіп бара жатқан адамдарға сатып жіберген.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктінің бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.