Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы тұрғыны сауда орталықтарынан киім ұрлап жүрген

Алматы тұрғыны сауда орталықтарынан киім ұрлап жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2002 жылы туған О.есімді азамат сәнді және онымен байланысты барлық нәрсені бағалайтын адам болып шықты. Тергеудің осы кезеңінде оның бірнеше ұрлық дерегіне қатысы бар екені анықталды.

– Жас жігіттің сатып алушының атын жамылып, сауда орындарына барып, өзіне киім таңдағаны белгілі болды. Сатушының көңілі басқа жаққа ауған сәтте ол заттарды ұрлап, қылмыс орнынан бой тасалаған. Ұсталған азамат ұрлыққа қатысы барын жоққа шығармайды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Күдіктінің жеке басын қаланың басқа жерлерінде жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғына міндетті түрде тексеретін боламыз. Осы мақсатта жедел және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру