Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорған полицейлері “синтетика” жарнамалағандарды ұстады

Талдықорған полицейлері “синтетика” жарнамалағандарды және есірткі курьерлерін жалдаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері Талдықорған қаласының 22-24 жас аралығындағы екі тұрғынын ұстады. Екеуі де синтетикалық есірткіні жарнамалаған және OLX.KZ интернет-қосымшасы арқылы есірткі курьерлерін жалдаған деп күдіктеледі.

Ұсталған адамдардың тұрғылықты жері бойынша рұқсат етілген тінту кезінде компьютердің үш процессоры, 1000-ға жуық ұялы байланыс SIM-картасы және бірнеше ұялы телефон табылды және тәркіленді.

–  Ұсталғандар соңғы 7-8 ай ішінде заңсыз әрекеттерді жүзеге асырғанын мойындады. Яғни, интернет-қосымша арқылы тасымалдаушыларды, буып-түюшілерді және т. б. жалдау туралы хабарландыру орналастырған. Онда курьер немесе есірткі салушылар жұмысы туралы ұсыныстарының сілтемесін қоса орналастырған, – деп хабарлады облыс ПД есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 299-1-бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Іс бойынша тергеу қалалық полицияға жүктелген. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру