Елорда тұрғыны кіреберістен велосипед ұрлаған
Елорда тұрғыны кіреберістен велосипед ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Велосипед ұрлау фактісі бойынша полицияға қала тұрғын үйлерінің бірінің тұрғыны жүгінген. Арызданушының түсіндіруінше, түңгі уақытта белгісіз адам оған тиесілі велосипедті еркін қол жеткізу арқылы ұрлап кеткен. Көліктің орнында жоқ екенін иесі кіреберіске шыққан кезде байқаған. Алматы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қызылорда облысының 21 жастағы тұрғынын анықтады.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жас жігіттің үйіне бара жатып, қабаттар арасындағы баспалдақта қараусыз қалған велосипедті байқағаны анықталды. Ойланбастан, ол оны пәтеріне кіргізіп алып, келесі күні ломбардқа арзанға өткізіп жіберген.
Астана қаласының полиция департаменті сақ болуды, велосипедтер мен арбаларды үйдің кіреберісінде қараусыз қалдырмауды, ұрлыққа қарсы сапалы велосипед құлыптарын пайдалануды ұсынады.
Сондай-ақ полиция қылмыстық жолмен көрінеу алынған мүлікті сатып алу немесе өткізу ҚР ҚК-нің 196-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа алып келіп соғатынын еске салады.