Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғыны спорттық велосипед ұрлады деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері велосипед ұрлады деген күдікпен бұрын сотты болған елорданың 38 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында ер адамның Янушкевич көшесі бойындағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі пәтерге еркін кіру жолымен балконынан жасырын түрде спорттық велосипед ұрлағаны анықталды. Келтірілген шығын сомасы 100 мың теңгені құрады.

“Байқоңыр” ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасаған күдіктіні ұстады.

Ер адам кінәсін мойындады, оның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру