Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада әйелін қорлаған жанжалқор жауапқа тартылды

Елордада әйелін қорлаған жанжалқор жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы (Қорғау нұсқамасын бұзу) ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейді.

Мәселен, Байқоңыр ауданының учаскелік полиция инспекторы елорданың 31 жастағы тұрғынына қатысты әкімшілік іс қозғады. Полицияға аталған азаматтың жұбайынан жанжал туралы хабарлама келіп түсті. Сәуір айында жанжалқорға қатысты мінез-құлыққа ерекше талап қойылғанына қарамастан, ер адам өз үйінде тағы да ұрыс шығарып, жәбірленушіні қорлаған.

Қазіргі уақытта іс материалдары шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберілді. Заңнамаға сәйкес ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу, ескертуге не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға алып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру