Елордада аяқ киім дүкеніндегі ұрлық видеоға түсіп қалды
Нұр-Сұлтанда ұрлық жасаған 23 жастағы қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті кешкі уақытта Жеңіс даңғылындағы «Башмачок» дүкеніне келген. Ол сөреден ерлердің спорттық аяқ киімін алып, жұмсақ жиһазға отырады. Содан кейін сатушылар орнында болмайтын сәтті күтіп, аяқ киімді рюкзагына салып, дүкеннен байқатпай шығып кетіп қалған.
Ұры ұрланған затты қайта сатып, пайда тапқысы келген.
Ұрлық орын алған сәт сауда павильонында жабдықталған бейнекамералардың объективіне түсіп қалған.
Аталған факті бойынша «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұрын ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.