Елордада балалар ойыншығын ұрлаған жігіт ұсталды
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде «Сарыарқа» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 22 жастағы ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу барысында күдіктінің Республика даңғылында орналасқан балалар дүкенінен құны 31 мың теңге тұратын ойыншықты жасырын түрде ұрлап кеткені анықталды. Жігіт олжа іздеп жоғарыда аталған дүкенге арнайы барған. Сатушылардың басқа клиенттерге алданып кеткенін пайдаланған ол ойыншықты ұрлап алып, ізін суытқан.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған жігіт өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.