Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда полицейлер тапаншасы бар жүргізушіні ұстады

Нұр-Сұлтанда полицейлер тапаншасы бар жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полиция қызметкерлері “Қылмысқа тосқауыл” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Lexus RX 350 автокөлігiн тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде 28 жастағы жүргізуші ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша көлiк басқару құқығынан айырылғанына қарамай, көлікті мас күйінде жүргізгені үшін алты ай мерзімге сотталып, жазасын қоныс-колониясында өтеп жатқандығы анықталды. Көлікті одан әрі тексеру барысында салонда “Оса” маркалы тапанша табылды.

Полицейлер тапаншаны тәркіледі. Сот-баллистикалық сараптама нәтижелері бойынша қару атуға жарамды екендiгi анықталды.

Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру