Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада борышкерлерге әкімшілік айыппұлдар туралы 3,5 мыңнан астам хабарлама таратылды

Елордада борышкерлерге әкімшілік айыппұлдар туралы 3,5 мыңнан астам хабарлама таратылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада 20-31 наурыз аралығында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.
Іс-шара әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар азаматтарды, сондай-ақ көрінеу жалған нөмірлері бар көлік құралдарын басқарушыларды анықтау мақсатында өткізіледі.

Жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, хабарламалар бере отырып, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу туралы қаулыларды орындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қасақана айыппұл төлемейтіндердің көліктері көлік құралдарының мамандандырылған тұрағына қойылады.

10 күн ішінде қызметкерлер әкімшілік айыппұлдар желісі бойынша жалпы сомасы 45 млн теңгеге 3,5 мыңнан астам хабарлама таратты.

Бұдан басқа, коммуналдық тұраққа жүргізушілері әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар 34 көлік құралы қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру