Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада бөтеннің банк картасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 23 жастағы қызды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, жас қыз сағат 21.30 шамасында Ұлы Дала көшесіндегі дүкенде болып, бөтеннің Kaspi gold картасынан ақша ұрлап, ізін суытқан.

Күдіктінің көшеде банк картасын тауып алып, дүкенге барғаны белгілі болды. Ол сауда жасап болған соң, картаны тауып алған жеріне қайта қойған. Жәбірленуші картаның жоғалғанын сатып алғаны туралы хабарлама келген кезде ғана білген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру