Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда полицейлер бензин ұрлаған күдіктіні ұстады

“Сарыарқа” ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасаған 36 жастағы күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысы көрсеткендей, ер адам кешкі уақытта Біржан сал көшесінде кетіп бара жатып, тұрақтап тұрған ВАЗ-2107 автокөлігін байқайды. Маңайында ешкім жоқтығын пайдаланып, қаскүнем автокөліктен 30 литр бензинді жасырын құйып алып, белгісіз бағытта қашып кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағындағы басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру