Елордада есептегі 27 сотталған жұмыспен қамтылды
Елордада есептегі 27 сотталған жұмыспен қамтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ғимаратында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Нұр-Сұлтан қаласының пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандарға «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен, «GLB» ЖШС және «Строй класс» ЖШС-мен бірлесіп қайта қылмыстылыққа тартылу және әкімшілік құқық бұзудың алдын алу мақсатында есептегі жұмыссыз сотталғандарды жұмыспен қамту шаралары жүргізілді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлікті ашқысы келетін сотталғандарға мемлекет тарапынан берілетін грантты алуда қандай құжаттарын рәсімдеу жолдары түсіндірілді.
Ұйымдастырылған іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының пробация қызметі есебінде тұрған 60 сотталғанға өздерінің мамандығына сәйкес тиісті мекемелерге орналасуға жолдама беріліп, 27 сотталған жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, барлығы 1 896 сотталған пробация қызметінің көмегімен жұмысқа орналастырылған және жұмысты қажет ететін 278 сотталған «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не жіберілді.