Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада көлігінің терезелерін қараңғылап алған жүргізушіге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтанда жүргізуші полиция қызметкерлерінің қатысуымен көлігінің терезесінің қараңғыланғанын шешіп алып тастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полицейлер Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісіне алдыңғы терезелері қараңғыланғаны үшін айыппұл салды.

Полицейлер тәртіп бұзушының көлігін Ұлы Дала көшесінде байқап қалған. Жүргізуші көлік құралын белгіленген талаптарды бұза отырып басқарған. Атап айтқанда, терезелері қараңғыланған.

Елорда тұрғыны полицейлердің талаптарына түсіністікпен қарап, олардың қатысуымен автокөліктің алдыңғы бүйір терезесінің қараңғыланғанын өзі шешіп алып тастады.

Toyota Саmry автокөлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру