Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полицейлері кезекті велосипед ұрлығын ашты

Елорда полицейлері кезекті велосипед ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға үйдің кіреберісінен велосипедінің ұрланғанын айтып 36 жастағы қала тұрғыны жүгінген.

Сарыарқа ауданы ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 32 жастағы күдіктіні ұстады.

Тергеу барысында анықталғандай, қаскүнем сағат 16:00 шамасында 189 көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісінен құны 60 мың теңге тұратын спорттық велосипедті ұрлаған. Ер адам үйдің кіреберісіне кіріп, жан-жағында ешкім жоқ екенін пайдаланып, арнайы құлыппен бекітілмеген велосипедті ашық түрде ұрлап, ізін суытқан.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адам өз кінәсін мойындады. Оның елорда аумағындағы басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру