Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Досының кәмелетке толмаған қызын зорламақ болған ер адам 15 жылға сотталды

Алматыда досының кәмелетке толмаған қызын зорламақ болған ер адам 15 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, М.есімді азамат туыстарымен жанжалдасып, досының үйіне түнеуге келген. Барлығы ұйықтап кеткен соң қонақ бөлмеде досының 11 жастағы қызын көріп, оны зорламақ болған.

Бала сасқалақтап қалмады, айғайлай бастады. Оның көмек сұрағанына әкесі мен ағасы жауап берді. Олар полиция шақырды, бұл күдіктіні қылмыс орнында жедел ұстауға мүмкіндік берді. Кейін ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды.

Жасалған құқық бұзушылықтың барлық мән-жайларын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы жүргізілді, оның қорытындысы жәбірленушінің, куәлардың және күдікті М.есімді азаматтың мойындауымен бірге, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлігі (Зорлауға оқталу) бойынша қылмыс жасады деген айып тағуға мүмкіндік берді. Алатау аудандық ПБ-ның тергеушісі жинаған дәлелдемелері сотпен шешім қабылдау үшін жеткілікті деп танылды.

Алатау аудандық сотының үкімі – кінәлі М.есімді азаматқа 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру