Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылықтарды 35 млн теңгеге алдап кеткен әйел ұсталды

Алматылықтарды 35 млн теңгеге алдап кеткен әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ҚК-нің 128-бабына сәйкес, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 33 жастағы Я.есімді азаматша ұсталды.

– Күдіктіге қатысты тергеу соты “қамау” түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Әйел азық-түлікті нарықтағы бағадан төмен бағада қамтамасыз етемін деген желеумен ірі көлемде қаражат алғаны белігі болды. Қазіргі уақытта келтірілген материалдық шығын 35 миллион теңгеден асады, – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Абдрахманов.

Қазіргі уақытта аталған азаматшаның қала аумағында жасалған осыған ұқсас эпизодтарға қатысы бар-жоғын анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру