Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде түрмеге 10 телефон кіргізбек болған жігіт ұсталды

Өскеменде түрмеге 10 телефон кіргізбек болған жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскеменде жалпы режимдегі колония қызметкерлері ҚР Ұлттық ұлан “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының 6699 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, ұялы телефондардың ірі партиясын түзеу мекемесі аумағына кіргізудің жолын кесті.

ШҚО бойынша ҚАЖД қарасты ОВ-156/20 мекемесі аумағында 22 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталды.

Жеке тексеру барысында жас жігіттен төрт пакет табылды, онда 10 ұялы телефон, аксессуарлар және ерекше иісі бар 4 бөтелке сұйықтық болды. Жігіт “пакетті” таспамен мықтап орап, оларды спорттық киімдердің жеңдеріне тығуға тырысты. Алынған сұйықтық сараптамаға жіберілді.

Әңгіме барысында қала тұрғыны сотталғандарға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізгісі келгенін мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру