Елордада металл ұрлығына қатысы бар азаматтар анықталды
Елордада металл ұрлығына қатысы бар азаматтар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға елордалық ЖШС-ның бірінен белгісіз біреулердің құны 750 мың теңгеден асатын металл қоқыс жәшіктерін ұрлау фактісі бойынша хат келіп түсті түсті.
Аталған дерек бойынша Астана қаласының Байқоңыр ауданы ПБ қызметкерлері елорданың 30 және 41 жастағы екі тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Олардың соңғысы бұрын тонау үшін сотталған.
Тергеу барысында ер адамдар күндізгі уақытта ЖШС-ға тиесілі жылыжай аумағына заңсыз кіргені анықталды. 44 дана металл қоқыс жәшіктерін көріп, қаскүнемдер аталған ауданның күзетшілерге көрінбейтін аймақта орналасқанын пайдаланып, қоқыс жәшіктерін қоршаудан біртіндеп лақтырған. Қажетті мөлшерде жинап алған соң, олар қылмыс жасалған жерден 300 метр қашықтықта орналасқан металл сынықтарын қабылдау пунктіне апарған. Өткізу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде болжамды тұлғалардың жеке басы мен орналасқан жері анықталды. Ер адамдар мойындау көрсетпелерін берді, олардың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Аталған адамдар ПД УҰИ-ға қамалды.
Сонымен қатар металл қабылдағыштың иесіне қатысты бірден екі әкімшілік іс қозғалды.
Астана қаласының полиция департаменті қырағы болуды ұсынады. Егер сіз күдікті адамдарды байқасаңыз, полицияға, «102» мобильді қосымшасы арқылы хабарлауды сұраймыз.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.