Елордада пробация қызметінен жасырынған сотталған ұсталды
Елордада пробация қызметінен жасырынған сотталған ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы пробация қызметі есебіне 22 шілдеде қойылған, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталған Е. тиісті мерзімде есепке тұру үшін пробация қызметіне келмеген. Тексеру барысында тұрғылықты мекенжайында да болмаған.
Пробация қызметінің инспекторларының жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 11 тамызда сотталған Үркер ауылынан ұсталды.
Жалпы, 20 күн бойы пробация қызметінің бақылауынан жалтарғаны үшін сотталған Е.-ге бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ескерту берілді.