Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада профилактикалық іс-шаралар өткізілді

Полиция қызметкерлері мас күйде көлік жүргізген жүргізушіні қамауға алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау және жолын кесу, сондай-ақ, елорда аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында демалыс күндері профилактикалық іс-шара өткізілді.

Сенбі күні түнде Жұмабаев көшесінде полиция қызметкерлері 44 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан «Volkswagen Venta» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Құжаттарын тексеру кезінде жүргізушіден спирттің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша жүргізушінің жеңіл дәрежелі мас күйде болғаны анықталды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Жүргізуші 15 тәулікке уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Жексенбі күні сағат 22:25-те Қошқарбаев көшесінде полиция қызметкерлері көлік тізгінінде қыз бала отырған «Peugeot 207» маркалы автокөлікті тексеру үшін тоқтатқан. Одан да алкогольдің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша 22 жастағы қыздың жеңіл дәрежелі мас күйде болғаны анықталды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі ((Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру)   бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Демалыс күндері көлік құралын алкогольдік мас күйде жүргізгені үшін 21 жүргізуші ұсталды, көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің көлік тізгініне отыруының 4 фактісі, сондай-ақ, жалған тіркеу нөмірлік белгілерімен көлік құралын жүргізудің 3 фактісі, жол белгілері немесе жолдағы таңбалардың талаптарын сақтамаудың 116 фактісі анықталды.

32 автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Бұдан басқа, жаяу жүргіншілер тарапынан қозғалыс қағидасын бұзудың 51 фактісі, жаяу жүргіншілердің қозғалысына басымдық бермеудің 10 фактісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру