Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада «Құқықтық тәртіп» ЖААІШ аясында іздеуде жүрген 7 қылмыскер ұсталды

Құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 1-5 маусымы аралығында елорда аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараны өткізу барысында учаскелік инспекторлар өздерінің әкімшілік учаскелерінде визит карточкаларын бере отырып, пәтерлерді және аулаларды аралап шықты. Пәтерлер, үй-жайлар, үйлер, барак-жалдамалы тұрғын үйлер, жатақханалар және басқа да нысандар анықталды.

ЖААІШ өткізу кезінде кезекші тәулікте 88 қылмыс, бұрын жасалған 50 қылмыс анықталды, іздеуде жүрген 7 қылмыскер ұсталды. Қабылдап-тарату орнына 129 азамат қамауға алынды, қаланы уақытша бейімдеу және интоксикациялау орталығына 354 адам орналастырылды.

ҚР ІІО-да есепте тұрған 2450-ден астам адам тексерілді. Есепте тұрған азаматтардың белгіленген шектеулерді бұзуының 38 дерегі анықталды.

4045-ке жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 402 ұсақ бұзақылық, 663 алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу деректері. Тірекелмеген 1522 азамат анықталды.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 62 бұзушы жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және ересектердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болғаны үшін 112 кәмелетке толмаған анықталды. Мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 33 жүргізуші анықталып, 602 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру