Елордада «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу, жолын кесу мақсатында Астана қаласының полиция департаменті ағымдағы жылдың 26-28 сәуірі аралығында «Құқықтық тәртіп» жеделалдын алу іс-шарасын өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын негізге алады.
Бір тәулікте елордада 30 қылмыс тіркелді, оның ішінде кезекші тәулікте 19 қылмыс ашылды, іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды. Олардың бірі Ресей Федерациясында іздеуде болған, 2022 жылы ол Мәскеу қаласындағы сауда үйінде ұрлық жасаған. Қабылдап-тарату орнына 14 азамат қамауға алынды, қаланың уақытша бейімдеу және интоксикациялау орталығына 58 адам орналастырылды, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына 1 кәмелетке толмаған орналастырылды.
Учаскелік инспекторлар ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған 587 адамды тексерді. 546 тұрғын үй алабын аралау жүзеге асырылды.
Алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 102 ұсақ бұзақылық фактісі, 61 тыныштықты бұзу, 166 алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу фактісі тіркелді. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 18 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта қоғамдық орындарда ересектердің еріп жүруінсіз болғаны үшін 21 кәмелетке толмаған ұсталды. Мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 2 жүргізуші ұсталды, 202 жаяу жүргінші Жол қозғалысы ережесін бұзды.
Астана қаласының полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарынан жедел алдын алу іс-шарасын жүргізуге түсіністікпен қарауды және құқық бұзушылықтарды анықтауға атсалысуды сұрайды.
Егер сіз қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасау фактілеріне куә болсаңыз, соған қатысты ақпаратқа немесе басқа да маңызды мәліметтерге ие болсаңыз, Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайы бойынша Астана қаласының Полиция департаментіне жүгінуіңізді, сондай-ақ «102» мобильді қосымшасы арқылы немесе 102 нөміріне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.