Елордада құрылыс материалдарын ұрлаған күдікті құрықталды
Елордада құрылыс материалдарын ұрлаған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласындағы құрылыс нысанынан белгісіз біреу құны 600 мың теңгеден асатын материалын ұрлап кеткендігі туралы полицияға арыз түсірді. Белгілі болғандай жүргізуші құрылыс обьектісінен екінші нысанға арматура жеткізбекші болған.
Орта жолда құнды заттың жартысын көзден таса жерге қалдырып кетеді. Ол ұрлаған заттарын металл қабылдау орнына өткізбекші болған, бірақ үлгермеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 37-жастағы елорда тұрғынын анықтады. Полиция қызметкерлері ұрланған арматураларды тәркілеп, иесіне қайтарды.
Ұсталған азамат мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған осындай қылмыстарға қатысы бар жоғы тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.