Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ер адам тауып алған банк картасымен сауда жасаған

Ақтөбеде ер адам тауып алған банк картасымен сауда жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға жергілікті тұрғын банк картасын жоғалтқаны туралы арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ол өзінің картасының жоғалғанын телефон нөміріне ақша алынғаны туралы хабарламалар келе бастағанда ғана білген.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.

Тергеп-тексеру барысында ер адам банк картасын көшеден тауып алып, бірнеше сауда дүкендерінен өзіне қажетті заттарға табылған картамен төлем жасағаны анықталды. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 160 мың теңгеден асты.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті кінәсін мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру