Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда полицейлері демалыс күндері күшейтілген тәртіпте рейд жүргізді

Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығының нұсқауына сәйкес демалыс күндері қызметкерлер күшейтілген тәртіпте рейдтік жұмыстар жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейд барысында 1514 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол қозғалысы саласы бойынша 1338 дерек, қоғамдық қауіпсіздік бойынша 176 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жалпы, бір апталық рейдтік іс шара барысында 961 хабарлама тіркелді.

Жол қозғалысына байланысты 1338 хаттама толтырылып, 131 автокөлік айып алаңына қойылды. Оның ішінде алкогольді масаң күйінде – 4, көлік құралын басқару құқығынан айырылған – 33, басқару құқығы жоқ адамдардың көлік құралын басқарған 7 құқық бұзушылықтар анықталды. Қоғамдық қауіпсіздікке қатысты 176 хаттама толтырылды, оның ішінде алкоголь өнімін белгіленбеген уақытта сатқан 3 дүкен сатушысына ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабымен шара көрілді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүргені үшін 53 ата-анаға анаға ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен 2-бөлігімен шара көрілді.

Сонымен қатар қала тұрғындарының тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында “Квадрат” іс-шарасы барысында учаскелік полицейлер әр аптаның Автовокзал және Тасбөгет кентінде профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындардың мекенжайларын аралау кезінде осы әкімшілік аймаққа жауапты учаскелік полиция инспекторларының аты-жөндері, қызметтік және ұялы байланыс телефондары көрсетілген визиткалар тұрғындарға таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру