Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаев тұрғынынан синтетикалық есірткі тәркіленді

Сәтбаев тұрғынынан синтетикалық есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Тосқауыл” жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар Сәтбаев қаласының 22 жастағы тұрғынын ұстады.

Автокөлікті тексеру кезінде синтетикалық есірткі оралған 10 түйіршек табылып, тәркіленді.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында қызғылт түсті ұнтақ заты бар 66 зип пакет, сондай-ақ одан әрі өткізу мақсатында синтетикалық есірткілерді буып-түюге арналған құрылғылар табылды. Тергеу барысында күдіктінің Жезқазған және Сәтбаев қалаларында есірткі салумен айналысқаны анықталды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шаралары санкцияланды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру