Елордада сотталғандарға ерекше жағдайлар режимін енгізу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Елордада сотталғандарға ерекше жағдайлар режимін енгізу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сотталғандар, сондай-ақ олардың туыстары тарапынан жаппай наразылықты болдырмау үшін ЕЦ-166/10 мекемесінің басшылығымен сотталғандар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
19 қаңтарға дейінгі мерзімге ерекше жағдайлар режимін енгізу туралы, сондай-ақ осы режимнің қолданылу кезеңінде мекеменің ішкі күн тәртібі елдегі қалыптасқан жағдайды ескере отырып, уақытша өзгертілгені туралы сотталғандардың назарына жеткізілді.
ЕЦ-166/10 мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрсұлтан Айтбеков өз сөзінде сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше оқиғаларға жол бермеу мақсатында сотталғандардың құқықтарын іске асыруда уақытша шектеу шаралары қабылданып жатқанын атап өтті.
– Атап айтқанда, кездесулер мен телефон сөйлесулерінің барлық түрлері, соның ішінде бейнебайланыс тоқтатылды. Мекемелерде ерекше жағдайлар режимінің енгізілуіне байланысты барлық берілмеген кездесулер сақталады және кейінге шектетіледі. Азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуда, сондай-ақ сотталғандар үшін сәлемдемелерді жеткізуде уақытша қиындықтардың туындауы мүмкін. Мекемеден тыс қысқа мерзімді және ұзақ сапарлар тоқтатылды. Сондай-ақ, ҚР ҚАК-нің 143-бабының 9-бөлігіне сәйкес, ЕЦ-166/10 мекемесінде жазасын өтеп жатқан адамдар өздері жұмысқа орналасқан ұйымдардан шақыртылып алынды. Қалыптасқан жағдайға қарамастан, біздің тарапымыздан сотталғандарды барлық қажетті құралдармен, сондай-ақ тиесілілік нормаларына сәйкес тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуде барлық шаралар қабылданатын болады, – деп атап өтті Нұрсұлтан Айтбеков.
Өз сөзінің соңында сотталғандарға барлық шектеу шаралары аяқталғанға дейін сабырлы болуды және түсіністікпен қарауды сұрады.