Елордада сотталғандарға Рамазан айында ораза ұстау ережелерін түсіндірді
Елордада сотталғандарға Рамазан айында ораза ұстау ережелерін түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ЕЦ-166/1 Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде келе жатқан қасиетті Рамазан айына байланысты мекеменің шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандарға дәріс өткізілді. Нұр-Сұлтан қаласы Діндерді зерттеу орталығының мамандары М. Қыстаубаев, А. Сейдулла ораза айында оразаны қалай ұстау керектігі және оның мақсаты туралы айтып берді.
Дәріс барысында Нұр-Сұлтан қаласы Көктал мешітінің имамы Б. Касимов сотталғандарға ораза ұстау ережелері және тағы басқа ораза парыздары туралы түсіндірді.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің СаӘПжТЖ бөлімінің инспекторы С. Қалдыбаев сотталғандарға ораза тұту кезінде ішкі тәртіп ережелерін сақтауын және мекеменің ішкі тәртіп ережесін сақтау туралы ескертті.