Елордада студенттердің көңілді кеші ұрлықпен аяқталды
Алматы ауданы полиция бөліміне елордалық университеттің ІІІ курс студенті курстастарымен кездесуден кейін IРhone 13 және Samsung A-33 телефондары жоғалып кеткендігі туралы өтініш білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сотқа дейінгі тергеу барысында төрт жігіттің кеш ұйымдастырғаны анықталды. Бір жігіт жәбірленушінің мас болғанын пайдаланып, пәтерден екі ұялы телефонды жасырын алып шыққан.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бейнебақылау камерасынан кіреберісте бөгде адамдардың болмағандығы туралы мәліметті полиция жедел уәкілдері мәлімдеді. Гаджеттерді табу үшін олар жоғарғы қабаттан жертөлеге дейінгі кіреберісті іздеуге мәжбүр болды, онда ұрланған телефондар қоқыс арасынан табылды.
Студенттердің бірі ұрлық жасағанын мойындады, смартфондар иесіне қайтарылды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды сақ болуға және жеке заттарын қараусыз қалдырмауға ескертеді.