Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада үш күн ішінде мас күйде көлік тізгіндеген 45 жүргізуші анықталды

Елордада үш күн ішінде мас күйде көлік тізгіндеген 45 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Апаттылықты азайту және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында елордалық полиция жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жандандырды. Осыған орай «Мас жүргізуші – қылмыскер!» жедел алдын алу іс-шарасы аясында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.

Мәселен, түнгі сағат 03:20 шамасында мамандандырылған патрульдік полиция батальонының инспекторы Ақмешіт көшесінде елорданың 39 жастағы тұрғыны басқарған Audi автокөлігін тоқтатты. Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша жүргізуші «жеңіл» дәрежеде мас күйде екендігі анықталды.

Тағы бір осыған ұқсас факті ағымдағы жылдың 18 ақпанында сағат 01:30-да орын алды. 46 жастағы Kia Sportage автокөлігінің жүргізушісінен тексеру кезінде алкогольдің өткір иісі шыққан. Ер адамды көлікті басқарудан шеттетіп, оған медициналық тексеруден өту ұсынылды. Дәрігер-наркологтың қорытындысы бойынша жүргізуші «жеңіл» дәрежеде мас болған.

Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Соңғы шешімді сот қабылдайды. Оларға әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза қолданылады.

Үш күн ішінде мас күйінде болған 45 жүргізуші анықталды.

Олардың бесеуі ішкі істер органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік мас күйін анықтауға куәландырудан өту туралы заңды талаптарын орындаудан бас тартты, соның салдарынан ҚР ӘҚБтК 613-бабының 4-бөлігіне (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Екі жүргізуші ҚР ҚК 346-бабы бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарғаны) үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. Барлық автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру