Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада жасөспірім мектепте “мина қойылды” деп хабарлаған

Елордада жасөспірім мектепте “мина қойылды” деп полицияға жалған ақпарат берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 желтоқсанда әлеуметтік желілер мониторингі барысында Төле би көшесіндегі мектептердiң бiрiнде террористік акті болатыны туралы хабарлама анықталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Мектеп ғимаратын тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылмады, іс-шара эвакуациясыз өткізілді, қауіп жойылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Астана қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жалған ақпарат таратқан адамды анықтады. Ол осы мектептің 13 жастағы оқушысы болып шықты. Жасөспірім осылайша сабақ болмасын деп әзілдегенін түсіндірді.

Ювеналды полицияның инспекторлары мен баланың ата-анасының көзінше жасөспіріммен бұдан былай мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру