Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордадағы тергеу изоляторларына Беларусь ІІМ-нің өкілдері келді

Елордадағы тергеу изоляторларына Беларусь ІІМ-нің өкілдері келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/1 мекемесіне Беларусь Республикасы Ішкі істер министрлі Жазаларды орындау департаментінің өкілдері келді.

Аталған іс-шараның мақсаты қауіпсіздігі аралас мекеменің жұмыс жүйесімен, тергеу-қамауға алынғандар мен сотталғандарды ұстау жағдайларымен танысу болды. Келушілер қатарына БР ІІМ жазаларды орындау департаментінің бастығы Олег Маткин, штаб бастығы Валерий Нестюк, тыл бөлімі бойынша орынбасары Олег Серафимович кірді.

Қонақтарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Сағат Мәдиев, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Дәулет Рақымбеков, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Мейрам Әбикеев күтіп алды. Келген қонақтарды ЕЦ-166/1 мекемесінің бастығы Ағыбай Мухин алып жүрді.

Іс-шара барысында келушілерге 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ашылған мекеменің фронт-офисі, тергеу әрекеттері мен адвокаттармен және қоғамдық қорғаушылармен кездесулер өткізуге арналған кабинеттер, тергеу-қамауға алынған әйелдерді ұстауға арналған режимдік корпус, мекемеде ұсталатын азаматтарға арналған мекеме кітапханасы, жиналу бөлімшесі,  адамдар мен багажды техникалық тексеріп қарау құралдарымен жарақталған кезекші бөлім және тексеріп қарау тобының үй-жайы көрсетілді.

Мекемені аралау барысында Олег Маткин Қазақстан Республикасының ІІМ ҚАЖ-дің мекемелеріндегі азаматтарды ұстау бойынша шарттардың бірнеше түрін өз елдерінде тәжірбиеде қолдануға болатының айтып және өздерінің де қызметтік тәжірбиелерімен бөлісті.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру