Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордадағы түзеу мекемесінде психологтар «Ертегі терапиясы» тренингін өткізді

Елордадағы түзеу мекемесінде психологтар сотталғандар арасында «Ертегі терапиясы» тренингін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті ЕЦ-166/10 мекемесінің психологтары сотталғандармен «Ертегі терапиясы» атты топтық жұмыстарын жүргізді. Ертегі терапиясы – бұл жеке тұлғаны интеграциялау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сананы кеңейту, сыртқы әлеммен өзара әрекеттесуді жақсарту үшін ертегі формасын қолданатын әдіс. Мұндай ерекше әдісті ЕЦ-166/10 мекмесінің психологтары жүйелі түрде өткізіп тұрады.

– Ертегілер кез келген жастағы адамды әлемді тұтас қабылдау күйіне қайтарады. Олар армандауға, шығармашылық әлеуетті жандандыруға, бейбітшілік пен адами қарым-қатынас туралы білім алуға мүмкіндік береді, – деді мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бағдат Амангелдиев.

Аталған терапияның беретін пайдасы – ол сотталушының жеке басын бірнеше бағытта дамытады, атап айтқанда жүйке-бұлшықет кернеуін, рефлексияны, өзін-өзі түсінуді жеңілдетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру