Елордалық колонияға есірткі өткізу әрекетінің жолы кесілді
Елордалық колонияға есірткі өткізу әрекетінің жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанаға қарасты №2 мекеме қызметкерлері есірткі құралдарының ену арналарын жабу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Алдын ала жедел ақпарат бойынша жедел тәртіп қызметтерінің қызметкерлері 9 атқыштар ротасының 6505 әскери қызметшілерімен бірлесіп, А. есімді сотталғанның атына жолданған сәлемдемені тексеру кезінде салмағы шамамен 1,5 келі болатын құрамында темекісі бар көк түсті полиэтилен пакеті табылды. Оның ішінде сұр-жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес зат болды.
Аталған дерекке қатысты Аршалы ауданының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Бұл зат сот-химиялық сараптамаға жіберілді