Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық полицейлер автокөлік салонынан ұрлау дерегіне қатысы бар адамды анықтады

Астаналық полицейлер автокөлік салонынан ұрлау дерегіне қатысы бар адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданы полиция бөлімшесіне қала тұрғынынан түнгі уақытта оның ВАЗ-2114 автокөлігінен Барс маркалы аккумулятор мен құрал-саймандар ұрланғанын, солайша 150 мың теңге шығын келтіргені туралы хабарлама келіп түсті.

Бейнебақылау камераларын қарау кезінде полицейлер ұрлыққа қатысы бар ер адамды анықтады. Төлебаев көшесіндегі үйдің жанындағы автотұрақта ол көліктің құлыпталмағанына көз жеткізіп, құралдар жинағы мен аккумуляторды алып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер бір тәулік ішінде ұрлыққа қатысы бар 35 жастағы ер адамды анықтады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция автокөлік салондарынан ұрлық көбінесе жүргізушілердің немқұрайдылықтарынан болатынын атап өтті. Көлік құралын қалдырған кезде, барлық құнды заттарды салоннан өзіңізбен бірге алып жүруді ұмытпаңыз. Жүргізушілерге көлік құралын күзет дабылымен жабдықтауды, кетер алдында автокөлікті жауып, күзетілетін тұрақтарға қоюды ұсынамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру