Елордалық мектепте ЖҚЕ тақырыбында суреттер байқауы өтті
Елордалық мектепте ЖҚЕ тақырыбында суреттер байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу мақсатында елорда аумағында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Жолдағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналар мен жүргізушілердің жауапкершілік деңгейін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылады.
Жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, мектептер маңында және жаяу жүргінші – балалар көп жүретін жерлерде жол қозғалысының кішкентай қатысушыларына көмек көрсету үшін полиция қызметкерлері тұрақты негізде алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Мәселен, Алматы ауданы ПБ ювеналды полиция инспекторлары №70 мектеп-лицейінің басшылығымен бірлесіп мектеп аумағында «Жас дос, жол ережесін біл!» атты науқан өткізді. 4-сынып оқушыларымен жолдарда және көшеде жүріс-тұрыс ережелері бойынша практикалық сабақтар өткізілді, асфальтта бормен сурет салу арқылы жол қозғалысы ережелерін білуге арналған суреттер конкурсы ұйымдастырылды. Іс-шара соңында балалар естелік сыйлықтар – термокружкалармен, аяқ киімге арналған сөмкелермен, қалпақтармен және футболкалармен марапатталды.
Мектеп және мектепке дейінгі ұйымдарда балалар жолдан өткен кезде жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы 500-ге жуық дәрістер мен әңгімелер ұйымдастырылды. Балаларды тасымалдау бойынша 75 семинар-кеңес өткізілді.
Астана қаласының полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертеді. Мектептер мен балабақшалар маңында, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінен, қоғамдық көлік аялдамаларынан және әсіресе аулалардан өту кезінде өте мұқият болыңыз.
Тұрғын аймақта автокөлік жүргізушілері жылдамдық режимін сақтауы керек және тек жолға ғана емес, сонымен қатар тротуарлар мен ойын алаңдарына да назар аударуы керек.