Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер банк клиентінің әмиянын ұрлаған азаматты анықтады

Елордалық полицейлер банк клиентінің әмиянын ұрлаған азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорда тұрғыны өтініш білдіріп, Есенберлин көшесіндегі банк бөлімшелерінің бірінде әмияны ұрланғаны туралы хабарлады.

Ер адам әмиянын терезеге қойып, жақын жерде тұрған банкоматтан операция жасағаны анықталды. Осы уақытта жәбірленушінің бей-жай тұрғанын  пайдаланып, келушілердің бірі әмиянды алып, банктен тез кетіп қалған. Осылайша, күдікті жәбірленушіге 20 мың теңге көлемінде шығын келтірген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлерімен 51 жастағы азамат анықталды.

Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамның бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы анықталады. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп,  иесіне қайтарылды.

Астана қаласының полиция департаменті сақ болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру